№32 В.Маяковский атындағы орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырауы туралы мәлімет. » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №32 В.Маяковский атындағы орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырауы туралы мәлімет.
15
июнь
2019

№32 В.Маяковский атындағы орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырауы туралы мәлімет.

Облыстық білім басқармасының 2019 жылғы  2 мамырындағы  №01-2276  бұйрығына сәйкес № 32 В. Маяковский атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 25 мамыр күні сағат 8.00 де  жастар жылына арналған  «Болашақ - жастардікі»  тақырыбында соңғы қоңырау мерекесіне арналған іс-шара  өткізілді. Соңғы қоңырау мерекесіне Сарыбұлақ ауылдық округінің орынбасары Ақпаров Д.О., аудандық білім бөлімінен Ершибулов Қ. С., Қамқоршылық кеңес төрағасы Фараджиев М.Д., ауыл ақсақалы Исмаганбетов А. С., Зейнеткер ұстаз Карипбаева И.С. қатысты.

 

 

Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Тойбаев Б.Н. жиналған көпшілікті, мектеп оқушыларын, ата-аналарды, ұстаздарды, келген қонақтарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, салтанатты жиында  ашық деп жариялады.  Мектептің 66 үздік оқушылары грамотамен  марапатталды және кенгуру – математик байқауында жоғары балл алғандары үшін  4 «б» сынып оқушысы Беспалов Романға  және 3»б» сынып оқушысы Ибаева Сабинаға сыйлыққа кітап тапсырылды.  Жүргізушілер құттықтау сөздер сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге игі тілектер айтылды. 1- сынып оқушылары 11- сынып бітірушілерге арналған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алғашқы ұстаздары мен қазіргі сынып жетекшілеріне, ата-аналарына құттықтау сөздері беріліп. Олар түлектерге ақ жол тіледі. Соңғы қоңырауға келген қонақтарда құттықтап мектеп түлектеріне сәт сапар тіледі. 11 сынып түлектері өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға, ата- аналарына, бірінші сынып жетекшілеріне ризашылықтарын білдірді. Салтанатты жиын соңында 1- сынып оқушылары 11- сынып оқушыларымен бірге соңғы рет қоңырау соғып, соңғы сынып сағаттарына бет алды. Ал 10- сыныптар 11- сыныптардың орнын басты. Келешек 11- сыныптарға «Білім кілті» мен «Білім кітабы» табыс етілді