«Әкелер бізде қонақта» » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әкелер бізде қонақта»
15
октябрь
2019

«Әкелер бізде қонақта»

Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы  15 сәуірдегі  №145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сүйене отырып,  тәрбие жұмысының төртінші бағыты  «Отбасы тәрбиесі» мектеп пен отбасы арасындағы ықпалдастығын арттыру мақсатында, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған.

Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының  ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.

Сондықтан №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінде  2019 жылғы 16-27 қыркүйек аралығында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру мақсатында «Әкелер бізде қонақта»  атты онкүндік өткізілді. Онкүндік өткізу тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруды көздейді.

Онкүндік аясында 1-11 сыныптар арасында «Мен және менің отбасым, Менің әкем – ғажап жан», «Әке жолы – ізгі жол»  атты бірыңғай өнеге сағаттары өткізілді, 5-6 сыныптар арасында «Ұлттық өнер – өміршең қазына» тақырыбында шеберлік сыныптар қатысты, «Ұрпақ тәрбиесі  - ұлт болашағы»  атты Ұлы тұлғалармен кездесу барысында   дөңгелек үстел ұйымдастырылды.7-9 сыныптар арасында «Әкемнің жұмысындағы бір күн» тақырыбында видеороликтер байқауы өткізілді,5 -7 сыныптар арасында «Әке – алыбым, асқар тауым»,  «Менің әкем – мен үшін дара тұлға» атты мәтінді, қанатты сөздерді  мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді, 2-4 сыныптардың қатысуымен «Жан әкем – жан жүрегім» тақырыбында әке туралы балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды, «Спортсүйер әкеден - салауатты бала», «Әкелермен ғажайып алаңда» тақырыптарында  спорттық  ойындары ұйымдастырылып, белсенді қатысқан әкелер бар, олар Озиев Наби Пашалиевич, Труханов Руслан Медеуович, Агаев Шамиль Эйдарович, Джафаров Тельман Оручевич, Мамедов Акиф Гульмамедович, Хазиев Ислам Нуриевич мадақтамамен марапатталды .