Менің жетістіктерім » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2017

Менің жетістіктерім

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мыктыбекова Фатима Жексенбековнаның жұмысы бойынша сараптама тобының қорытындысы
Кезекті жоғары біліктілік санатқа өтініш берген Мыктыбекова Фатима Жексенбековнаның құжаттары талапқа сай жинақталған. Фатима Жексенбековна-оқытудағы озық әдіс- тәсілдерді насихаттап, бүгінгі заман талабына сай мәртебесі биік тұлғаны қалыптастырып, сапалы білім саналы тәрбие беріп отырған ұлағатты ұстаздардың бірі.
2013 жылы 5-сынып оқушысы Нұрғали Фарида республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 1-орынды иеленді.
2014 жылы 5-сынып оқушысы Куатбек Жадыра «Ақ бота» интеллектуалдық байқауында 3-орын.
2014 жылы 8-сынып оқушысы Жанабаева Данышпан облыстық «Еңбек адамын ардақтайық!» тақырыбындағы шығармалар байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы ХҮІ облыстық Абай оқуларында 6-сынып оқушысы Нұрғали Фарида ІІ дәрежелі диплмын иеленді.
2016 жылы ХҮІІ облыстық Абай оқуларында «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауы бойынша 7-сынып оқушысы Нұрғали Фарида І орынға ие болды..
2016 жылы 8-сынып оқушысы Нұрғали Фарида ХҮІІ республикалық Абай оқуларына қатысып сертификат алып, дипломмен марапатталды.
2016 жылы 6-сынып оқушысы Куатбек Жадыра «Ақ бота» интеллектуалдық байқауында 2-орын.
2016 жылы 10-сынып оқушысы Бошанбеков Бекжан «Ақ бота» интеллектуалдық байқауында 3-орын, 5-сынып оқушысы Алимхан Мейырым 3-орын, Тынышбек Санжар 3-орын, 5-сынып оқушысы Дармен Мәншүк 3-орынды иеленді.
. 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «қазақ тілі» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы «Білімділер» порталына сапалы сабақтарын енгізгені үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы ХҮІІ республикалық Абай оқуларында дарынды балаларды айқындау, дайындау және оларға қолдау көрсету ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
2012 жылы «12 жылдық білім беруге көшу барысында үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің мазмұнын жаңғырту: халықаралық тәжірибе және болашағы» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
2012 жылы республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының №5 санында «Астана-болашақтың қаласы» атты ашық сабағы жарияланған.
2012 жылы республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық «Өнер әлемі» журналының №2 санында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сабағы жарияланды.
2012 жылы 3 қараша айында Тараз Мемлекеттік педагогикалық
институтында өткен конференцияға белсенді қатысқаны үшін марапатталған Сабағы арнайы журналда жарық көрген.
2015 жылы 6 мамырда «Қордай шамшырағы» газетіне «Талаптың мініп тұлпарын» атты мақаласы жарияланды.
.2015 жылы республикалық «Орта мектеп ұстазы» №1 журналына «Дене мүшелері» атты ашық сабағы жарияланды.
2016 жылы республикалық «Мектеп. Отбасы. Қоғам» атты педагогикалық №1 журналына «Үстеу туралы қайталау» тақырыбындағы ашық сабағы жарияланды. Фатима Жексенбековна білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыратын жаңашыл ұстаз.
Сараптама тобының қорытындысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фатима Жексенбековнаның жұмысы аттестаттау комиссиясына қарауға ұсынылды.

Похожие публикации:

18 апрель 2017 Сыныптан тыс
16 апрель 2017 Ауган соғысы