№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шаралар туралы мәлімет. » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шаралар туралы мәлімет.
09
май
2019

№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шаралар туралы мәлімет.

№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №748 хатының негізінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шаралар 29 ақпан мен 9 мамыр аралығына жоспарланды. Жоспарда салтанатты жиын, «Сапта жүріп ән айту» байқауы, ҰОС ардагерлерімен кездесулер, сынып сағаттары, аталар ерлігі туралы дәріс сабақтар, дөңгелек үстелдер, қабырға газеттері шығару, шығармалар байқауы, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай суреттер байқауы, ескерткіштерге экскурсиялар жасау, кітапханада көрмелер ұйымдастыру секілді іс-шаралар қамтылды. Аталған іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Іс-шараларға 5-11 сынып оқушылары қатыстырылды.
1-4 сыныптар арасында «Отан сүйер ұлан бол!» , 5-11 сыныптар арасында «Отанға қызмет ету – міндет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 5-11 сыныптар арасында «Біздің Отанымыз бір, ол – Қазақстан» тақырыбында суреттер, қабырға газеттері байқауы өтті. 9-11 сынып оқушылары арасында «Ерлік сабақтары» өткізілді. Сабақтарды өткізілу барысында әдістемелік нұсқау басшылыққа алынды.Мектеп кітапханасында өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін белсендендіру мақсатында Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштер күніне арналған көрме ұйымдастырылды. « Сапта жүріп ән айту байқауы» Санаров Анатолий Васильевич- зейнеткер ұстаз, Аталыков Ерболат Еркінұлы - шекара заставасының басшысының орынбасары және Фараджиев Магамед Даскаралиевичтің қатысуымен өткізілді.
Барлық сынып сағаттары өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар Ұлы Отан соғысының ауыр зардаптары туралы өз білімдерін шыңдай түсті. Қазақстар Республикасы Қарулы күштері тақырыбы аясында өз ойларын ортаға салып, қазіргі таңда Қазақстанның жеткен жетістіктері жайлы жарыса айтып, ой бөлісті. Оқушылар тағы да бір мәрте Отан ұғымының мәні зор екендігін түсінді
9 мамыр күні ауыл сябағында орналасқан ескерткіштің жанында Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына арналған концерттік бағдарлама.

 

№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар  күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне  арналған  іс-шаралар туралы мәлімет.