7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2019

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні.

Отанды сүйер ұландар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ол - еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып тағайындалғандықтан, «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

27 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді.Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.

Осындай маңызды да атаулы мерекені атап өту рәсімі Қайнар ауылындағы №32 орта мектепте жалғасын тапты. Мектеп алаңында сап түзеген әскери киім үлгісін киген мектеп оқушыларына «Тік тұр!» - деген бұйрығын беріп, мектептің АӘД мұғалімі Сатылғанов Д.М. Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға дайын екенін баян етті. Сымдай тартылған оқушылардан құралған взводтар 17 сапты құрады. Мектептің 5-11 сынып оқушылары «Сапта жүріп ән айту» жарысына жан-жақты дайындалған екен. Жарыс 2 бөлімге бөлініп, жас ерекшеліктеріне қарай 5-7 сыныптар арасында және 8-11 сыныптар арасында бір бөлек өткізілді. Мектеп директоры Тойбаев Бекболат Нұралыұлы мектеп оқушылары бұл жарысқа аса үлкен қызығушылықпен әрі жауапкершілікпен дайындалатындығын айтты. Оны оқушылары дәлелдей білді. АӘД мұғалімі Сатылғанов Д.М. мектеп оқушыларын әскери жаттығуларға бейімдеуге аса зор мән беретіндігін танытты. Мен балалардың дайындығын көріп, тәнті болдым. Олар:5 «Б,В», 6 «А», 6 «Б,В», 7 «А», 8 «А», 9 «А,Б», 10 «А»,11 «А,Б» сыныптары. Байқаудың талаптары бойынша әскери жаттығулардың түр-түрі көрсетілді. Мектеп оқушылары сақадай сай екендіктерін көрсетті. Взвод командирлері - Арифов Камиль, Карибов Нұрсұлтан, Еламанов Жандәулет, Әбілбай Мирас, Мурадов Низами деген оқушылар әскери жаттығуларға қойылатын талаптарды жан-жақты меңгерген, өз ісінің майталмандары екенін көрсетті. Байқау соңында жеңімпаз сыныптар анықталып, мақтау грамоталарымен марапатталды. Оған қоса «Ең үздік командир», «Ең үздік ән орындаушылар», «Ең үздік үнқағаз», «Ең үздік еркін жаттығулар» аталымы бойынша да үздіктер іріктеліп, марапатталды.

«Тәуелсіз еліміздің таңы атқанда Қуатты әскеріміз да тұсауын кескен болатын. Бүгінгі салтанатты шара Отан қорғаушылар күні мен осы атаулы күнге арналып отыр. Тарихымызға көз жүгіртсек, әр сүйем жерін жаудан қорғаған талай батырлардың өткенін көреміз. Баһадүр бабалар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресе жүріп, өмірін ат үстінде өткізген. Біз, кейінгі толқын ағалар, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен майдангерлердің алдында бас иеміз. Біз бейбіт елміз, сондықтан әскер қатарында әскери борышты өтеу - абыройлы міндет. Дегенмен өз шекарамызды берік қорғау үшін жоғары мобильді, сенімді және күшті жарақтанған әскеріміз болуы керек. Осындай салтанатты шаралар ел қорғандарының қарымы мен күштілігін баян етеді», - деді мектеп директоры Тойбаев Б.Н.
Әскеріміз жылдан жылға жаңа толқынмен жаңарып, күш-қуаты нығаюда. «Отан қорғаушылар күні» — батыр бабаларымыздың қайсар да, айбынды жауынгерлік дәстүрінің жалғасын тапқан күні. Еліміздің қауіпсіз болашағы жолында аянбай еңбек етіп жатқан ұлттық әскерімізге артар үмітіміз орасан. Айбынды жастар - жас мемлекетіміздің берік қорғаушысы. Ендеше, көктемнің шуақты күнінде жалындай келген Отан қорғаушылар күні құтты болсын, ағайын! Ел тәуелсіздігінің тұтқасын ұстар ер-азаматтарымыз жасасын!
Санаров Анатолий Васильевич- зейнеткер ұстаз,
Аталыков Ерболат Еркінұлы - шекара застава басшысының орынбасары