№32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы мектеп директорының есебі » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы мектеп директорының есебі
26
май
2021

№32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы мектеп директорының есебі

Мемлекет басшысы  Қасым Жомарт Тоқаевтың  Ұлттық Қоғамдық Сенім  кеңесінің    төртінші  отырысында  берген    тапсырмасын   орындау  мақсатында     «Оқуға  құштар  мектеп»   жобасы  аясында   атқарылған   іс-шаралар

Мектеп  әкімшілігінің   кезекті  отырысында  «Оқуға құштар   мектеп»  жобасы  бойынша   жоспар  дайындалып,  бекітілді. 

Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі    кітаппен тығыз байланысты. Сондықтан  да   мектебімізде  кітапхана  мен   кітапханашының  жұмысына  ерекше   көңіл  бөлінеді.  Мектеп   кітапханасы    оқулықтармен,  көркем  әдебиеттермен, электронды  оқулықтармен    қамтамасыз  етілген.  Көркем   әдебиеттер  саны -  3406, оқулықтар  -  24611,  электронды   оқулықтар  -  653,   әртүрлі  сыныптарға  арналған қосымша  дәптерлер    мен  мектепалды  даярлық    топтарына  арналған  кітаптар   саны  -  5202.

Кітапхананың  материалдық-техникалық  жағдайы жақсы.  Электронды-ақпараттық  ресурстармен    қамтамасыз   етілген.  Ғаламтор желісіне  қосылған   «Электронды  кабинет»  бар.

Кітапханалар жүйе­­сін жаңғырту, зама­на­уи құрылғылармен жаб­дық­тап, цифрлы жобалар ен­гізу – бү­гінгі күн талабы. Электронды  кітапхана  жергілікті желіге қо­­сыл­ған, пайдаланушыларға ар­налған    автоматтандырылған жұ­мыс орындары бар. Wi-Fi аймағы ұйымдастырылған.
 Мектеп  кітапханасының жылдық жұмыс жоспары  аудандық  әдістемелік   кабинет  меңгерушісімен   бекітілген. Аудан  көлемінде   өткізілген  семинарлардың  белсенді   қатысушысы.

Облыстық  «Ең үздік  кітап  оқитын мектеп»  байқауына   қатысу  үшін,  ең алдымен   бұл  байқау   мектепте   өткізілді.  Оқушылар  оқыған   кітаптары,  шығармалары   бойынша   белсенді  қатысып,  «Ең   үздік  кітап оқитын  оқушы»    деп танылып, 10-сынып  оқушысы Асылхан Динара  аудандық  кезеңге жіберілді.  

 «Ең  үздік   кітапхана»  байқауына  кітапхана   жұмысы  бойынша бейнероликтер  түсіріліп,   ауданға  жіберілді. 

Қазақстан  Республикасы   Тәуелсіздігінің  30  жылдығына   орай  «Тәуелсіздік  құрдастары   кітап   оқиды»  атты  челлендж   ұйымдастырылды. Мектеп  сайтында жарияланды. 

«Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапханада   «Кітапты    көрнекі  насихаттау»  бойынша    әртүрлі  көрмелер  ұйымдастырылып   отырады.   Атап  айтсам,  «Оқы, тап!»,   «Менің  сүйікті  кітабым» ,   "Қазақ   ақын-жазушыларының    шығармалары",  атаулы  күндерге   байланысты  әдебиеттер,  мерейтойларға   байланысты  ақын-жазушылардың  шығармаларынан  көрмелер   дайындалады.  


 
Көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқуға ынталандыру   -  кітапханашының  басты   міндеті.  Сондықтан  кітап оқуды насихаттау үшін жоғары  деңгейде    «Ең  үздік  оқырман»,    «Мен  оқыған тарихи  шығарма»,   «Ауыз  әдебиетінің  асыл-маржандары»  т.б. байқауларды  , сайыстар,    кештер,  ертеңгіліктер ұйымдастырды. Өткізілген  іс-шаралардың  барлығы   инстаграм   және  фейсбук   парақшаларында  жарияланған.  


Қазақтың алғашқы  педагог-ағартушысы  Ыбырай   Алтынсариннің  180 жылдығына  орай «Кел, балалар, кітап  оқимыз!» атты акция  бастауыш   сынып  оқушыларымен  сабақ   түрінде  өткізілді. 


Атаулы  күндерге ,   сондай-ақ  ақын-жазушылардың,  белгілі   тарихи  тұлғалардың  мерейтойларына  қатысты   кітап  көрмелері  ұдайы   өткізіліп  тұрады. Мәселен,  Әбу   Насыр  әл-Фарабидің  1150   жылдығына  арналған,   Абай шығармалары, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев,  Олжас Сүлейменов, Шерхан Мұртаза,   Бауыржан  Момышұлы    сынды   ұлы  тұлғалар  шығармалары бойынша  кітаптар   көрмесі  ұйымдастырылды. Мұқағали Мақатаев  оқуларына  қатысқан 10 «А» сынып  оқушысы Еламанов Жандәулет  пен  9 «Б»  сынып  оқушысы Алиева Алина  жеңімпаздар қатарынан  табылды. Абай   мұрасына  қатысты  өткізілген    түрлі  республикалық  байқауларға   қатысқан  10  «А»   сынып  оқушылары  бірқатар байқаулардың  жеңімпаздары   атанған. Ақпан айында «Мен оқырманмын» атты аудандық қашықтан оқушылар арасындағы қазақ жазушыларының кітаптарын оқып,   мазмұнын айту байқауы өтті.Мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Ұзақбаева Толғанай қатысты.Ол Мұхтар Әуезов «Көксерек» шығармасын таңдап, 3 минуттық видеоға мазмұнын айтып берді. Нәтижесінде сөз саптау, ойын еркін жеткізуімен дараланып 3-орын иегері атанды. «Жыр алыбы  -   Жамбылым» атты аудандық байқауға   мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Тынышбек Санжар   айтыскер   ретінде  қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық байқауда мектебіміздің мақтанышы  9 «А» сынып оқушысы Тынышбек Санжар 2- орын иегері атанды.  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына  арналған  алуан   түрлі байқаулар:  мәнерлеп оқу байқауы, жас ақындар байқауы, челлендждер,   бейнебаяндар байқауы, эссе байқауы    өткізілді. Олар  мектептің  инстаграм   парақшасында жарияланды. Желтоқсан   айында    Бауыржан  Момышұлының 110  жылдығына   арналған  кітапханалық сағаттар, кітаптар көрмесі  өткізілді.

 «Мектеп   кітапханасы  оқушының көзқарасымен» тақырыбында  оқушылардың мектеп  кітапханасы жұмысының сапасы  туралы   ой-пікірлерін зерделеу жүргізілді. Сауалнама  әдісі қолданылып,  мектеп   оқушыларының  80 %-ы   оң   көзқарас  танытқандығы  

анықталды. 


7-11  сынып   оқушыларын  «Мектепке  кітап   сыйла»   әлеуметтік-волонтерлік   жобасын  іске асыру  мақсатында   қайырымдылық  акциясы   жүргізілді.7-11  сынып   оқушылары  мектепке  өз   қалауларымен   көркем әдебиеттер  мен  оқулықтар   тарту  етті. Сыйға  тартылған   кітаптар  саны -  54.


Қашықтықтан  өткізілген   ата-аналар  жиналысында  ата-аналармен  «Балаларға   қалай  және нені  оқуға болады?»  тақырыбында   пікірталас  өткізілді.


 «Оқитын   адам  -  табысты   адам»  жобасы  бойынша кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиістігі,  ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты   екендігі,  әр елде жүргізілген тәжірибелер арқылы кітап оқитын адамдар бегілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленетіндігі  туралы  кітапханалық   сағаттар  өткізілді.


Оқушылардың   білім  алуындағы   олқылықтарды  жою   және   оларды  жақсарту  үшін   қабылданып  жатқан  шаралар.

Білім сапасының жағдайын анықтауда төмендегідей МІБ жұмыстары жүргізілді:

1) барлық сыныптарда негізгі пәндерден қима жұмыстары алынды;

2) білімнің негізі бастауыш сатыда қаланатын болғандықтан, бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру, көбейту кестесін білу, арифметикалық амалдарды орындай алуы, сауатты және көркем жазу дағдыларының қалыптасуы зерделенді.

3) Онлайн, офлайн  форматтағы сабақтардың жүргізілуі бақылауда.

4) Апталықтардың  жоспарға сәйкес сапалы өткізілуі бақылануда. Қазіргі   таңда  мектептегі  барлық   әдістемелік  бірлестіктер  апталықтарын   өткізді. Оған  мектеп  оқушылары   түгелдей қамтылды. 

5) Вариативті  курстар мен үйірмелердің жүргізілуі бақылануда.   Құжаттармен жұмыс, электронды журналдардың  толтырылуы,   оқушылардың  түгел  қатысуы   үнемі бақылауда. 

Соның негізінде пәндер бойынша нашар игерілген тақырыптар, білім сапасына тікелей әсер ететін барлық   факторлар  анықталып, педагогикалық кеңесте талқыланды.  

Білімдегі олқылықтарды жою   мақсатында  мектеп  әкімшілігі тарапынан  жұмыс   жоспары  құрылды.   Пән    мұғалімдерінің    қосымша сабақтар  өткізу   кестесі құрылып,  бекітілді.  Пән   мұғалімдері  әр  сенбі   сайын  қосымша  сабақтар   өткізеді. 

5-8  сыныптар  үшін   апта барысында,  яғни дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта  сабақтан тыс  уақытта қосымша сабақтар ұйымдастырылып,  өткізілуде. 

Мектеп  әкімшілігі   пән   мұғалімдерінің қосымша сабақтарды   өткізуі мен  өткізу  сапасын    бақылауда.

Сынып жетекшілері сыныбындағы оқушылардың қосымша сабақтарға  түгел қатысуын  қамтамасыз   етуде.  Ата-аналармен   байланыс күшеюде.

Пән  мұғалімдері  оқушы   біліміндегі  олқылықтарды  жою мақсатында  күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына  өзгеріс енгізіп,  күрделі тақырыптардың  жақсы   меңгерілуін  ескеріп отыр.

Аттестациядан өткен  мұғалімдер  үлесі   66%-ды  құрайды. (44  мұғалім). Оның  ішінде

  «педагог-зерттеушілер» -  12;

«педагог-сарапшылар -  16 мұғалім;

«педагог-модераторлар» 16  мұғалім.

Ағымдағы  жылдың   қаңтар айында  8  мұғалім   Ұлттық  кешенді тестілеуге  қатысып,   оның  4-еуі  тестілеуді   нәтижелі  тапсырды. 

Педагогтердің  кәсіби  біліктілігін   арттыру  бойынша  мынадай   курстардан өтті: 

1.Жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша  курстан    мектептегі барлық  саны 66  мұғалімнің   62-сі  өткен. 2  мұғалім   -  жас  мамандар.

2.  Сандық  платформалар  бойынша    барлық   66  мұғалім    100%  қамтылған. 

3.Ағылшын   тілінен  курс бойынша жаратылыстану-математикалық  пәндер әдістемелік  бірлестігінің 3  мұғалімі   курстан өткен. Олар: математика,   физика және химия  пәні  мұғалімдері. 

4.Критериалды бағалау бойынша 16  мұғалім курстан өткен.

5.Жиынтық   бағалау тапсырмаларын  әзірлеу  бойынша 2   мұғалім  өткен.

6.Инклюзивті   оқыту бойынша 16  мұғалім  білім жетілдіру  курсынан   өткен. 

Жетекші  мектептермен  бірлескен   жұмыстың  нәтижелілігі 

№26  мектеп   жетекші  мектеп болып  табылады. Ынтымақтастықта  жұмыс жасаймыз.  Қараша   айында  «Қашықтықтан  оқытуда   мұғалімнің  ақпараттық  құзіреттілігін  дамыту»   тақырыбында   әдістемелік  семинар , қаңтар  айында  "Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланысты тиімдіұйымдастыру» тақырыбында  педагогикалық тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстел

 өткізілді.   

Мектебіміз,  сондай-ақ,   «Өрлеу»  білім  жетілдіру   институтымен мынадай   бағдарламалармен   ынтымақтастықта  жұмыс  жасайды: 

1.«Дарынды  балаларды   оқытудың  ұйымдастырушылық  және   педагогикалық  негіздері»    негіздері                                                                                                                                                                          

2. «STEM   технологиялары  -    білімде»                                                                                                                              

3.  «Инклюзивті   оқытудың  ерекшеліктері»

4.  «LESSON STUDY  үдерісі  арқылы   оқытуды  жетілдіру»

Ағымдағы  оқу жылында   мектебімізде  аудан  көлемінде   әртүрлі  семинарлар  өткізілді.   Олар: 1.Тарих  пәні мұғалімдерінің  семинары      

           2. Физика   сабақтарында  үштілді  оқыту бойынша   аудандық  семинар             

           3. Биология  мұғалімдерінің  оқушыларды   ҰБТ  мен  қорытынды   аттестаттауға  

              дайындау жөніндегі  семинары         

            4.АӘД  оқытушыларының   семинары.

Өткізілген  барлық   семинарлар   жоғары  деңгейде   өтті.

Мектеп  мұғалімдері   (ОПТ)   озық  педагогикалық   тәжірибелерін  насихаттау  бойынша   да  белсенді  жұмыс   істейді. Авторлық   бағдарламалар  дайындаған  мұғалімдер   бар. Атап  айтсақ,

Носова О.Н. ,   Носова Н.Н.   - бастауыш  сынып  мұғалімдері2017-2018    оқу  жылы«Математическая радуга» 

Бейсенова А.А. – қазақ  тілі  мен   әдебиеті  мұғалімі2018-2019   оқу  жылы  «Көркем сөз өнерін тану»

Кенбаева М.А.  –  бастауыш   сынып  мұғалімі 

2019-2020  оқу   жылы  «Бастауыш сыныпта жаратылыстану сабағындағы  зерттеу жұмыстары»

Мамедова Р. М.  – бастауыш  сынып  мұғалімі    2020 ж.

Учебно – методическое пособие «Формирование познавательных учебных действий  младших школьников».

Нурниязова С.Н. - қазақ   тілі  мен  әдебиеті   мұғалімі.  2020   жылы    «Жаңартылған  білім  мазмұнында   көркем  әдебиетті  оқытудың   өзекті  мәселелері»   әдістемелік   құралы


Мектеп  мұғалімдері жұмыстарының баспада  жариялануы

Боранбаева Ш.М. –   ағылшын   тілі  мұғалімі.  Республикалық  пед. журналда   «Шетел тілінен  сабақ  жоспарлары»

Мамедова Р. М. – учитель начальных классов.  «Инклюзивті  оқыту»   тақырыбындағы   онлайн-конференция   материалдарының  жинағы . «Развитие инклюзивного потенциала современного образования».

Абдыкасымова Ж.А.  -   тарих  мұғаліміРеспубликалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал: «География және тарих» __ № 03 наурыз 2021 жыл. Ашық сабақ.   Тақырыбы:                              «ХХ    ғасырдың   40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы»

Сулиева Э.А. –   биология  мұғалімі.   «Химия   және    биология»  республикалық  пед. журнал «Интерфаза стадии интерфазы»   тақырыбында   ашық  сабақ.

№ 14  «Педагог хабаршысы.kz»   республикалық  журналында   «Биология   сабақтарында  АКТ  қолдану»    тақырыбында  мақала 

Бейсенова А.А. -   қазақ   тілі мен әдебиеті  мұғалімі.   Онлайн-конференцияға  қатысып,    мақалалары  конференция    материалдарының  жинағында   жарияланған.  Тақырыбы: 

«Қашықтықтан  оқытудың өзекті мәселелері»,  «Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары   мен   кемшіліктері»  тақырыбында  Халықаралық деңгейдегі басылымда  мақала. 

Өткізілген  іс-шаралардың   барлығы  мектеп  сайтында,   фейсбукта,  инстаграмда,  «Ютуб»   каналында  жарияланады. 

9, 11  сынып  оқушыларының   қорытынды  аттестаттауға  дайындығы

     Мектеп   өмірінің  ең  маңызды   және  жауапты  сәттерінің   бірі    қорытынды аттестаттау болып  табылады.  9, 11   сынып  оқушыларын  қорытынды    аттестаттауға  дайындау    және   өткізу  бойынша  өз   қызметінде   мектеп  әкімшілігі   мен  педагогикалық  ұжым  ҚР БҒМ   2008  жылғы   18  наурыздағы №125   «Білім   алушылардың  үлгерімін  ағымдық   бақылауды,  аралық  және   қорытынды  аттестаттауды  өткізудің   үлгілік  қағидаларын бекіту   туралы»    бұйрығын  басшылыққа  алды. 

Дарынды балалармен жұмысты бақылау, түрлі деңгейдегі ғылыми жоба  байқауларына қатыстыру

9,11 сынып білім алушыларынын қорытынды аттестаттауға дайындығын бақылау

Оқушылардың білім алуына қажетті қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары. Оқушылардың сабаққа қатысуын қатаң қадағалау, тиісті жұмыстар жүргізу

Оқушылардың білім жетістіктерін әлеуметтік желілерде, жұртшылыққа және мектепішілік деңгейде кеңінен насихаттау

Оқушылардың дәстүрлі   және  қашықтық    форматтағы   интеллектуалдық байқауларға қатысуы. 

ҰБТ мен  қорытынды  аттестаттауға   дайындық мақсатындағы жұмыстар: дәстүрлі және онлайн жиналыстар,  қосымша  сабақтар өткізіледі.

 Ең   алдымен  мектеп  психологтері    Медербаева Г.А.  мен  Горбылёва   А.С.  9,11-сынып  оқушыларымен   психологиялық  дайындық, диагностика, психологиялық  түзету және  кеңесу  жұмыстарын жүргізді.  Әр   ай  сайын  оқушыларға   психологиялық  қолдау  көрсету   мақсатында  алуан түрлі  іс-шаралар   өткізіліп  отырды.                                      

«Емтихан және    күйзеліс»,  «Емтиханға  қалай дайындалу керек?» «Есте сақтау және жаттау  техникасы» , «Қорытынды аттестаттауға психологиялық»  дайындық» , «Нейропсихикалық стрессті жеңілдету   әдістері»   «Жағымсыз   эмоцияларды  қалай басқаруға  болады?» , «Қорытынды аттестаттау  талаптары», «Балама қалай көмектесе аламын?»   тақырыбында  қашықтық   сабақтары  жүргізіліп,  ата-аналарға    қорытынды   аттестаттау  дайындық    жасау  бойынша  ұсыныстар берілді. 

9,11-сынып  оқушыларының   қорытынды аттестаттауға   дайындығы  үнемі бақылауда  ұсталынды. 9,11  сынып   оқушыларын  қорытынды аттестаттауға  дайындау бойынша  негізгі   пәндерден  консультациялар  өткізу   кестесі  құрылып,  мектеп   директорымен бекітілген.  Пән мұғалімдері  консультацияларды  жүйелі   түрде  өткізуде.  Мектеп   әкімшілігі  мүшелері  9,1-сыныптардың  сабақтарына   қатысып,  пәндердің  оқытылу сапасы  мен   оқушылардың  дайындық   деңгейін     зерделеп  тұрды.  Зерделеу   нәтижелері  ай  сайын   директор жанынджағы кеңесте қаралып,   талқыланып  отырды.  Педкеңестерде, әдістемелік  кеңестерде   жаңа  форматтағы  қорытынды   аттестаттауға дайындық бойынша   әдістемелік  кеңестер  берілді.   Коучингтер  өткізілді.  Сондай-ақ   пән  мұғалімдері  облыс,   аудан  көлемінде   «ZOOM»   платформасы   арқылы    өткізіліп жатқан   қашықтық   семинарларға  үзбей  әрі   белсене қатысып,  әдістемелік  көмек   алды. Мектеп  сайтында  түлектер   мен  ата-аналарға арналған  қорытынды аттестаттаудың  ерекшеліктері туралы  жадынамалар   орналастырылды. Сенбі   күндері  9,11-сынып  оқушыларына   арналған «Сенбілік мектептер»   жұмыс  жасайды. Пән  мұғалімдері    оқушылармен  әртүрлі  емтихан   тапсырмаларын,  жатттығуларды  мақсатты   түрде  пысықтайды,  оқушылармен   жеке  түзету   жұмыстарын   жүргізуде.  

11-сынып  оқушыларының  ҰБТ-ға   дайындығы  туралы

    Ағымдағы  жылы   11-сыныпта  барлық  саны 25   оқушы  оқуда. ҰБТ  тапсыруға   тілек білдіргендер  саны  -  9. Бұл барлық  11-сынып  бітірушілерінің  36%-ын   құрайды, 11 қазақ  сыныбынан  6   оқушы,  орыс  сыныбынан 3   оқушы. 

Қаңтар  айында   өткен  ҰБТ-ға  9 оқушы түгел қатысты.  Оның   ішінде  екеуі  шығармашылық   емтихан  тапсырды. Жалпы  орташа   балл – 59. 

Наурыз  айында өткен ҰБТ-ға  7  оқушы қатысты. Оның  біреуі  шығармашылық   емтихан  тапсырды.  Қатысқан   7   оқушының  жетеуі   де   шекті  деңгейден   өтті. Жалпы  орташа  балл   -  64. 

Пән  мұғалімдері   өткізілген ҰБТ  нәтижесі  бойынша   қатемен жұмыстар,   тақырыптарды  қайталау жұмыстарын  өткізуде. Қосымша  сабақтарда   меңгерілмей  қалған тақырыптарды қайталауда. Оқушылар   сондай-ақ  «Дарын-онлайн» , «Білімлэнд»  сайттарында   онлайн тест тапсыруда. 

Үздік куәлік иегерлерінің санының көрсеткіштері

  Оқу жылдары 

Үздік куәлік иегерлері/негізгі мектеп бойынша

         2019-2020

Ермеккул Дариға, Еламанов Жандаулет

        2020-2021

Үміткер: Жумашбай А.,  Ашықбай Р., Абдибай Д., Ұзақбаева Т


Сенбілік  мектептің  жұмысын   ұйымдастыру. 

     Оқу   бағдарламалары материалдарын толыққанды   меңгерту  және  білімдегі   олқылықтарды  жою    мақсатында   мектепте   9,10,11  сынып   оқушылары  үшін   сенбілік   мектептер  ұйымдастырылып,  сабақтарды   өткізу   кестесі дайындалды.  Пән   мұғалімдері  өз  қызметтерін жауапкершілікпен орындауда.  Сынып жетекшілері  оқушыларының   түгел  қатысуын қамтамасыз  етуде. Ата-аналармен  тығыз байланыс  орнатылып,   балаларының  сенбілік   сабақтарға   қатысуы  талап  етілді.

Педагогтер  мен  оқушылардың   түрлі  деңгейдегі  байқаулар   мен  пәндік  олимпиадаларға,  іс-шараларға   қамтылуы  мен  нәтижелері. 

Мектеп  мұғалімдерінің  байқаулар   мен  олимпиадаларға  қатысуы


  «Үздік  мұғалім»   атты  аудандық кәсіби  байқауына   қатысқан  мұғалімдер: 

Сластен Е.С. – орыс  тілі  мен   әдебиеті  мұғалімі 2-орын 

Абдимуратова Г. – қазақ   тілі  мен   әдебиеті  мұғалімі 2-орын 

Горбылева А.С. – психолог.  1-орын

Республикалық  қашықтық   олимпиадалар

КИО. kz –  12   жүлделі  орын

НИО –  13   жүлделі орын

ТИО – 3  жүлделі   орын

Daryn.online  - 20 призовых мест

Другие онлайн конкурсы - 15   жүлделі  орын

«Зейін»   мұғалімдердің сырттай  олимпиадасы    – 34   жүлделі  орын


Облыстық  байқаулар мен   олимпиадалар

Қашықтық  форматта  34  жүлделі   орын                                                                                               Сырттай  форматта – 34 жүлделі  орын 


Оқушылардың олимпиадалар  мен  байқауларға қатысуы


 Аудандық   олимпиадалар  мен   байқаулар 

2018-2019  оқу жылында  34 жүлделі   орын                                                           

2019-2020  оқу жылында  37 жүлделі   орын

2020-2021  оқу жылында  22   жүлделі  орын


Облыстық  байқаулар мен   олимпиадалар

2018-2019  оқу жылында  3   жүлделі  орын                                                                 

2019-2020  оқу жылында    1   жүлделі  орын

2020-2021  оқу жылында  7    жүлделі  орын


Республикалық   қашықтық   олимпиадалар  мен  байқаулар

2018-2019  оқу жылында  30   жүлделі  орын                                                                     

2019-2020  оқу жылында  45   жүлделі  орын

2020-2021  оқу жылында  138    жүлделі  орын

Халықаралық  байқаулар   мен олимпиадалар

2018-2019 оқу жылында 155 жүлделі орын                                                

2019-2020  оқу жылында  14   жүлделі  орын

2020-2021  оқу жылында  63   жүлделі  орын


Мектеп  оқушыларының  жақсы   оқып,  жан-жақты  білім   мен  тәрбие  алуына   барлық  оңтайлы  жағдай   жасалған. Мектептің    материалдық-техникалық    базасы,  мектептің  безендірілуі   мен  ақпараттық-коммуникативтік    технологиямен  жабдықталуы   заманауи  талаптарға  сай.Мектебіміздің  осы   оқу  жылында  атқарған   жұмыстары осындай.


Назарларыңызға  рақмет!