Жазғы мектеп 2022 » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

Жазғы мектеп 2022

Білім саласындағы туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру мақсатында құрылған «Жазғы мектеп» жобасын іске асыру бойынша жалпы мәлімет

№32 В.Маяковский атындағы ОМ «Жазғы мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Жамбыл  облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің 25.04.2022 жылғы № 210 – Ө бұйрығына сәйкес мектепішілік бұйрық шығарылды.  Ата-аналар тарапынан және оқушылардың заңды өкілдерінен өтініштер қабылданып, қатысатын оқушылар саны анықталды.  Мектеп бойынша барлығы 697 оқушы. 1-8, 10 сыныптар бойынша барлығы  598 оқушы, олардың ішінен 91 оқушы жазғы мектепке қамтылды: 5 сыныптар бойынша  - 13, 6 сыныптар бойынша  - 22, 7 сыныптар бойынша  - 7, 8 сыныптар бойынша  - 13, 10 сыныптар бойынша  - 36 оқушы.   

2021-2022 оқу жылының 26 мамыр – 17 маусым аралығында жұмыс жасайтын «Жазғы мектептің» жоспары, білім алушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері, оқу пәндерінің тізімі, сабақ кестесі құрылып, бекітілді.

Бастауыш сыныптар сабақтар өтетін жазғы лагерьмен қамтылған. 1 сыныптар-47 оқушы, 2 сыныптар - 59 оқушы, 3 сыныптар - 39 оқушы, 4 сыныптар - 29 оқушы. Барлығы: 174 оқушы.