Жамбыл облысы Департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы Бетқайнар шекара бөлімінің «Қайнар» шекара бөлімшесіндегі бір күн. » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жамбыл облысы Департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы Бетқайнар шекара бөлімінің «Қайнар» шекара бөлімшесіндегі бір күн.
12
ноябрь
2021

Жамбыл облысы Департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы Бетқайнар шекара бөлімінің «Қайнар» шекара бөлімшесіндегі бір күн.

Жамбыл облысы Департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы   Бетқайнар шекара бөлімінің «Қайнар» шекара бөлімшесіндегі бір күн.
      Шекара  бөлімше бастығының  тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі  орынбасары   лейтенант Түлебаев Мадияр Құмарұлы және басшының орынбасары лейтенант Таңғытов Шыңғыс Ғабитұлы  «Қайнар» шекара бөлімшесіндегі  оқу - жаттығу орталығында «JAS SARBAZ»  әскери-патриоттық клубының құрамымен «Шекарада бір күн» тақырыбында іс-шара өткізілді. 
 Жастарға сапалы білім беру, оларды патриотизмге тәрбиелеу ел болашағы үшін маңызды.
 Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар қойған болатын. Бұл шара Қорғаныс министрінің әскери-патриоттық жұмыстар бойынша тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
 Шара барысында оқушыларға Қайнар шекара бөлімшесі мен әскери өмірдің қыр-сыры түсіндірілді және «Шекарада бір күн» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетілді.«JAS SARBAZ»  әскери-патриоттық клубының мүшелеріне  оқу-жаттығу құралдары таныстырылып, атыс қаруын бөлшектеу құрастыру бойынша көрсетілді .Соңында    «Қайнар» шекара бөлімшесінің басшысы аға лейтенант Ниязбеков Жандос Ниязбекұлы жастарды  Отан сүйгіштікке шақырды, ертең ел тізгінін ұстайтын жастарымыздың бойында Отанды қорғауға деген жауапкершілік сезім болу керек. Ал оның бірден - бір жолы – әскери өмірмен жастайынан таныстыру. «JAS SARBAZ» әскери-патриоттық клуб жетекшісі Сатылганов Данияр Муканович «Қайнар» шекара бөлімшесінің басшылығына өз ризашылығын білдірді.