11
сентябрь
2018
№32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебіндегі өткен «Мектепке жол» акциясы
№32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебінде жылдағыдай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында өтті. Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқада көмек көрсету. Бұл акцияға ауылымыздың көптеген кәсіпкер азаматтары атсалысты.Олардың ішінен ауылымыздың жеке кәсіпкер азаматтары «Қайнар»дүкенінің басшысы Ахвердиев Тайр бір оқушыны, «Халық»дүкенінің басшысы Варшакидзе Ибрагим бір оқушыны, ТОО «Благовещенка» жетекшісі Варшакидзе Умирали Пашалиевич екі оқушыны «Қайнар»заставасы екі оқушыны,№32 орта мектеп басшысы Тойбаев Бекболат Нұралыұлы бір оқушыны,мектебіміздің пед ұжымы 10 оқушыны,ауыл әкімі аппараты 5 оқушыны,ауылымызды көгілдір отынмен қамтамасыз еткен «Жансезім»компаниясы 4 оқушыны өз қамқорлығына алып мектепке қажетті барлық құрал жабдықтармен,мектеп формасын тарту етті. Және де үкімет тарапынан 15 отбасыға 15000-нан ақшалай көмек көрсетілді.Жалпы жаңа оқу жылында мектебімізден 41 бала «Мектепке жол»акциясына қамтылды.Мұндай қайырымдылық істер әлі де жалғасын табады деп үміттенеміз.