«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бөлімінің №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Б.Н.Тойбаевты » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бөлімінің №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Б.Н.Тойбаевты
28
май
2020

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бөлімінің №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Б.Н.Тойбаевты

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бөлімінің

                            №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің                            

директоры Б.Н.Тойбаевтың «Қашықтықтан оқыту»  жөніндегі баяндамасы


Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мұғалімнің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту болып табылады.  Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және тиімді  платформалар арқылы білім беру формасы, қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
 
     Осы қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге бағытталған. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтан оқыту кезіндегі  білім беру үрдісінің негізін  жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы  жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым  пошта, телефон арқылы оқытушылармен  келісілген байланыс жасауына, сонымен  қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. 
 Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді. 
 Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. 
 Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

      Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды (чат, скайп) және асинхронды ( пошта, форум) әрекеттесу арқылы оқуға болады. Е-learning-тің басқа технологиясы – бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды.