08
июнь
2020
№32 В.Маяковский атындағы орта мектебіндегі 2019-2020 оқу жылының 11 сыныптарға арналған соңғы қоңырауы және аттестат тапсыру туралы мәлімет.
№32 В.Маяковский атындағы орта мектебіндегі 2019-2020 оқу жылының 11 сыныптарға арналған
соңғы қоңырауы және аттестат тапсыру туралы мәлімет.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамассыз ету департаментінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №19-17-2-437 хатына сәйкес ағымдағы жылы 3-4 маусымдағы мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша № 32 В. Маяковский атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 4 маусым күні сағат 9.00 де «Birgemіz: ТҮЛЕК -2020» атты соңғы қоңырау және аттестат тапсыру мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Соңғы қоңырау мерекесіне Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімшілігінің бас маманы Джаманкулова Д.Қ., Қамқоршылық кеңес төрағасы Фараджиев М.Д., ауыл ақсақалы Исмаганбетов А. С., қамқоршылық кеңестің хатшысы Оводова О.В. қатысты.

Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай әнұранмен ашылды. Мектеп директоры Тойбаев Б.Н. жиналған көпшілікті, мектеп оқушыларын, ата-аналарды, ұстаздарды, келген қонақтарды Қазақстан Республикасының Рәміздер күнімен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, салтанатты жиынды ашық деп жариялай отырып, бүгінгі іс-шараның алгоритм бойынша өтетінін ескертті. Жүргізушілер құттықтау сөздер сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге игі тілектерін айтты. Алғашқы ұстаздарына және қазіргі сынып жетекшілеріне, ата-аналарына құттықтау сөздері беріліп, олар түлектерге ақ жол тіледі. Соңғы қоңырауға келген қонақтарда мектеп түлектерін құттықтап, оларға сәт сапар тіледі. 11 сынып түлектері қолдарына аттестаттарын алып, ұстаздарға, ата- аналарына, мектепке деген ризашылықтарын білдірді. Салтанатты жиын соңында 1- сынып оқушылары 11- сынып оқушыларымен бірге соңғы рет қоңырау соғып, болашаққа бет алды. Санитарлық-эпидемиологиялық және бетперде режимі мен мектеп алдында алдын ала сызылған сызбамен қатысушылар мен ата-аналар арасында арақашықтық сақталды.