№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде мектеп асханасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша комиссия жұмысының жиынтығы » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде мектеп асханасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша комиссия жұмысының жиынтығы
14
октябрь
2022

№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде мектеп асханасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша комиссия жұмысының жиынтығы

№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінде мектеп асханасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша комиссия жұмысының жиынтығы

Тексерілу күні: 14.10.2022. 
Тексеру мақсаты:
1.Мектепте ыстық тамақтың талапқа сай ұйымдастырылуы.
2.Мектеп асханасының жұмысы және санитарлық жағдайы,тамақ өнімдерінің сапасы,тағамдардың дайындалу технологиясы.
Комиссия құрамы: 1.Мектеп директоры Тойбаев Б.Н 2. ДОІЖО-Майжанова С.А 3.ДТІЖО - Чалова Г.Қ 4. Кәсіподақ төрайымы: Сатылганов Д.М 5. Мектеп медбикесі: Қырбакбаева М.Б. 6. Әлеуметтік педагог: Советханова А.А. 
 Мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы: Оқушыларды тамақтандыру мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Асхана кезекшісі тамақтану кезінде асхана тәртібін қадағалайды. Тамақтану блогы-асхана. Асхана іші таза, жарық,жылы. Отыратын орындық саны-15. Орындықтардың күйі- жақсы. Әлеуметтік педагог аспазшыға күнделікті оқушылар санын беріп отырады.Мектеп бойынша қазан айынан тегін ыстық тамақпен 130 оқушы қамтылды.Тамақтану блогының санитарлық –техникалық жағдайы қанағаттанырады. Күн сайын ғимарат жианлып, жұма күні санитарлық күн деп саналады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техника ережелері де сақталады.Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады.Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыштар бар,мұнда тағамдар сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанаға дейін сақтауға жағдай жасайды.Тамақтану блогы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады.Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс –аяқтармен ,орындықтармен жабдықталған. Ыдыс-аяқтың таза болуына бас назар аударылады. Жуу мен заландырылу барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананыңи кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауру жағдайлары болған жоқ.Асханаға кіреберісте қол жуғыш (раковина)оратылған.
Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің оған аса мән береді.Асханада үй жағдайындай жылулық сезінуге болады.Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай.Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітілген.Шағымдану мен ұсыныстар журналы ,сенім телефондары қол жетімді жерде,онда барлық пікірлер жағымды жағынан жазылған.Комиссия мүшелері асханадағы құрғақ тағамның дәмін татып, жақсы деңгейде екенін анықтады.
Комиссия асхана жұмысын жан-жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі: Тамақ өнімдерінің сапасы,тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
Ұсыныс:Асханаға қажетті ыдыс-аяққа сұраныс берілсін.
Бекітілген ас мәзірі бойынша ас көлемінің шығымы өз деңгейінде берілуін үнемі комиссия мүшелеріне тапсырылсын.
Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануын мектеп медбикесі,сынып жетекшілер мен әлеуметтік педегог қадағаласын.